Created: 07 Қантар 2020
97

Новопавловка селолық округі әкімі  К.К. Жумакаевтың  2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есептік баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Бюджет және салық.

2019 жылға округ бюджеті - 22462,0 мың теңге болып бекітілді.

  1. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін 745740,0 мың теңге бөлінді.
  2. елді мекенді абаттандыру бағдарламасы бойынша 595,0 мың теңге бөлінді, Новопавловка ЖОББМ-нің алдына 6 жарық бағанасы ортнатылды

2019 жылдың 1 желтоқсанына қолма- қол бақылау шотына – 810,0 мын теңге түсті.

  1. Науқастарды тасымалдау үшін 80,0 мың теңге жұмсалды.
  2. Ауылішілік жолдарды қардан тазарту үшін 600 мың теңге жұмсалды.
  3. Новопавловка ЖОББМ-не палатка алынды 130,0

 

Шағын және орта бизнес.

Округ бойынша 8 шаруа қожалығы және 17 жеке кәсіпкерлер өз жұмыстарын атқаруда. Жеке кәсіпкерлер мал шаруашылығы МІҚ, ҰМҚ мен жүк тасымалы, киімдерді жөндеу, ағаш ұстасы, саудамен айналысуда.

 

         Жұмыспен қамту.

2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны – 1 адам. 1 адам маусымдық жұмыспен қамтамасыз етілді. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1 жас маман 6 айлық тәжірибеден өтті. Кәсіптік оқуға жіберілген адам саны – 1.Бір жолғы материалдық көмек алған отбасылар саны -3.

2019 жылы округ бойынша балаларға арналған атаулы әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін 15 отбасы тіркеліп, 35 балаға жәрдемақы төленді. 2 әлеуметтік қызметкерлер 7 адамға қызмет көрсетеді.

 

Сумен қамту.

Округ халқы таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Су құбыры «Теректі таза су» ЖШС – нің теңгерімінде. Субсидия берілген жоқ. Жеке тұлғаларға ауыз судың бағасы 1М³ 200 теңге.

 

Газдандыру.

Окрутегі аулалар саны – 183, соның ішінде 175 аула газдандырылып, 95 % құрап отыр.

 

 

 

Автомобиль жолдары.

2019 жылдың қазан – қараша айларында Новопавловка – Пойма тасжолы  бойында  өскен шөптермен ағаштар  шабылды. Жұмыстанушы мердігер «Надежда» ШҚ.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Новопавловка селолық округі әкімдігі ғимаратының айналасы және көше шамдары түнгі мезгілде жарықтандылырып тұрады.

 

Білім беру.

Округ аумағында 1 білім беру мекемесі жұмыс жасауда – Новопавловка жалпы орта білім беретін мектебі. Мұғалімдер саны – 35, техникалық қызметкерлер -30. Оқушылар саны – 94.

Мектеп жанындағы шағын орталық. Тәрбиешілер саны - 2, тәрбиеленушілер саны – 24 бала.

 

Денсаулық сақтау.

Новопавловка селолық округінде 1 денсаулық сақтау нысаны бар. Медициналық персонал саны – 2, медициналық санитар – 1 адам. Ана және бала өлімі тіркелмеген. Ғимарат газдандырылған.

 

Мәдениет және спорт.

Округ бойынша 1 стадион (округ әкімдігінің теңгерімінде), 1 ауылдық клуб және ауылдық кітапхана қызмет атқарады. Кітап қоры - 14296 дана, оқырман саны - 620 адам. Ауылдық клуб көрермен залы – 50 орындық.

 

Қоғамдық тәртіп.

2019 жылы мал ұрлығы бойынша 5 жағдай тіркелді.

 

Қоғамдық – саяси ахуал.

Округте діни бірлестіктер тіркелмеген. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауылда ұлтаралық наразылық байқалған жоқ.

                       

2020 жылға жоспар׃

 

  1. Новопавловка – Пойма тас жолының жөндеу жұмыстары.
  2. Ауыз су бағасы.

 

Новопавловка селолық округінің әкімі                            К. Жумакаев

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location